USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елжан Біртановқа келтірілген күдік негізсіз

  • 06.қараша.2020, 19:11,
  • 339

Келтірілген күдік негізсіз, - Біртановтың адвокаты. Экс-министр өзін кейбір азаматтардың қолдап жатқанын біліп отыр және оларға алғысы шексіз, - деді ол.

ҚР Денсаулық сақтау министрі болған Елжан Біртановқа келтірілген күдік негізсіз, оның ешқандай кінәсі жоқ, - дейді оның адвокаты Дмитрий Куряченко.


Адвокат Біртановқа қатысты іс сұрақ-жауап алу деңгейінде - тергеу түрінде жүріп жатқанын айтады.

- Келтірілген күдік негізсіз, - дейді ол.


Ол белгілі дәрігерлер мен қоғам қайраткерлері араға түсіп, жазған хаттары істе маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

- Заңда жекелеген адамдардың мінездемесі, кепілдік беруі қарастырылған, өйткені ол сотта белгілі бір рөл атқарады. Ал азаматтардың жеке пікірін тыңдап, оны ескеруі, заңның осы бір тұсын пайдалану жағы сотқа байланысты, - деді Куряченко.


- Экс-министр өзін кейбір азаматтардың қолдап жатқанын біліп отыр және оларға алғысы шексіз, - деді ол.


3 қарашада Қаржы мониторингі комитеті Елжан Біртановтың қамауға алынғанын хабарлады. Оның бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгені аталды. Ол қазір Нұр-Сұлтандағы уақытша ұстау изоляторына қамалған.


5 қарашада Қазақстандағы танымал дәрігерлер оны қолдап ашық хат жазды. Олар әріптесінің кінәсіне сенбейді әрі экс-министрді босатуды сұрайды және істің әділ тергелуін талап етеді. Олар сондай-ақ петицияға қол жинай бастады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
05.11.2020
03.11.2020
06.07.2020
15.06.2020
22.04.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930