USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Косово республикасының президенті Хашим Тачи отставкаға кетті

  • 06.қараша.2020, 10:12,
  • 395

Косово президенті қылмыс жасады деген айыптан кейін отставкаға кетті. Енді президент міндетін парламент спикері атқарады.

Косово республикасының президенті Хашим Тачи Гааганың Косово бойынша арнайы прокуратурасы оны 1998–1999 жылдары бұрынғы Югославиямен қақтығыста әскери қылмыс жасады деп айыптағаннан кейін қызметінен кетті.


Тачи қызметінен кеткенін Приштинада өткен баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді. Ол өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.

Енді президент міндетін парламент спикері атқарады.


Таяуда Приштинада Еуропалық одақтың қауіпсіздік күшінің ықпалымен Косова парламентінің бұрынғы спикері Якуп Красничи ұсталған. Ол да Гаага арнайы прокуратурасының өтініші бойынша қамауға алынды.


Гаага арнайы прокуратурасы Тачиға және бірнеше шенеуніктерге қарсы айып таққан. Олар Косоводағы әскери жанжал кезінде жүзге тарта адамды өлтірді, ұрлады, зорлады деген күдікке ілінді. Тергеу ісінде құрбандардың дені әртүрлі этникалық топтың өкілдері болғаны айтылған. Құрбандардың тізімінде билікке қарсылық танытқан саяси қайраткерлер де бар деп атап өтеді Азаттықтың Балкан қызметі.


Хашим Тачи мен Кадри Весели 1990 жылдары Косовоны Азат ету армиясының қолбасшылары болған. Албан ұлтынан тұрған әскер 1998-1999 жылдардағы соғыста Белградтың қауіпсіздік күштеріне қарсы күресіп келген.


Албандар үстемдік еткен Сербия провинциясында 1998-1999 жылдары халықтық қозғалыс болып, Белград оны күшпен басқан. НАТО-ның 78 күндік бомбалауынан кейін Сербия әскерлерін Косоводан шығарды. Қақтығыс кезінде 10 мыңнан астам адам қайтыс болып, 1600-ден астам қазіргі күнде дейін белгісіз.


Косово 2008 жылы өзін Сербиядан тәуелсіз ел деп жариялады. Оның тәуелсіздігін әлемдегі 100-ден астам мемлекет, арасында АҚШ, Еуропалық одақтың көпшілік елі таныды. Белград пен Мәскеу және бірнеше ел Косовоны Сербияның бір бөлігі деп есептейді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
15.10.2020
09.10.2020
Бішкекте төтенше жағдай жарияланды

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекте төтенше жағдай режимін енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Құжатта "жаппай тәртіпсіздік салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгендіктен" және "елдегі қоғамдық-саяси ахуалды тез арада қалыпқа келтіріп, қала аумағында тәртіп орнату үшін" ТЖ режимі енгізіліп отыр деп жазылған.

06.10.2020
16.06.2020
25.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930