Ұлттың ұлы ұстазы
(Ағартушының педагогикалық еңбектері хақында)
Адам баласы бауырын жерден көтергелі уақыттың құрсауында, қашанда тағдыр-талайы беймәлім бір мезеттік соңғы сәтке кіндігімен байланған. Зымыраған уақыт-сағаттың, дөңгеленген әлем-дүниенің ғасырдан ғасырға, жылдан жылға ұршықша үйіріліп, қауырт зырылдап келе жатқанын бұрынғылар айтқан. Қазіргі жалпыласу, жаппай ақпараттану заманында қайран уақыттың адымы тіптен қысқарып, сығымдалып, тіршілік те жылдамдығын үдете түскендей.