USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Әміре Қашаубаев атындағы байқаудың бас жүлдесі әнші Слямғали Дәуренбекке бұйырды

  • 06.қыркүйек.2020, 19:22,
  • 1 196

«Құлақтан кіріп, бойды алар...» атты дәстүрлі әншілер онлайн-байқауында Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Слямғали Дәуренбек өнер көрсетті.

Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған шара Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының 75 жылдығына арналған. - ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен 2020 жылдың 1 мен 5 қыркүйек күндері аралығына онлайн форматта өткен байқауда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, ОҚО, ШҚО және СҚО өңірлерінің әншілері бақ сынады. Осы додада жас әншіміз Слямғали Дәуренбек көпшілікті өз өнерімен тәнті етіп, бас жүлдені жеңіп алды. Ол ҚР Мәдениет саласының үздігі Аменгелді Қожановтан білім алған, - дейді облыстық филармонияның бас редакторы Сәуле Мұқаева. Слямғали Дәуренбек 1996 жылы Павлодар облысы Тереңкөл ауданының Қызылтаң ауылында дүниеге келген. 2012-2016 жылы дарынды балаларға арналған музыкалық колледж, музыкалық мектеп-интернатында дәстүрлі ән орындау мамандығы бойынша оқыды. 2014 жылы облыстық дәстүрлі ән орындаушылары арасында өткен байқаудың бас жүлдегері. 2014 жылы Қарағанды облысында дәстүрлі әншілер байқауында өткен І халықаралық «Тұлға» байқауында гран-при иегері. 2016-2020 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығы бойынша ұстазы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Шүкіманов Еркін Тұрсынғалиұлынан білім алған. 2017 жылы Тұрсынғазы Рахимов атындағы республикалық конкурстың және 2019 жылы Мәди Бәпиұлы атындағы республикалық конкурстың лауреаты.



әміреқашаубаев басжүлде конкурс слямғалидәуренбек 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930