USD 447.4
EUR 477.55
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Дәрігерлер коронавирусқа дайындық жүргізіп жатыр

  • 06.қыркүйек.2020, 11:07,
  • 469

Дәрігерлер коронавирустың негативті болжамына сүйеніп, дайындық жүргізіп жатыр. Жаңа карантиндік шараларды енгізілу-енгізілмеуі әр адамның өзіне, атап айтқанда, санитарлық нормаларды сақтау-сақтамауына байланысты.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов коронавирус инфекциясының болуы ықтимал жаңа толқынына қатысты дайындық мәліметтерімен бөлісті.

- Болжам үш компоненттен тұрады: негативті, реалистті және позитивті. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен Үкіметі қазір негативті болжамды басшылыққа алып отыр. Болжам ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болады. Ұзақ мерзімдіде қателікке жол беру қаупі өте жоғары, сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі қысқа мерзімдіні, яғни апталық немесе 10-15 күндік болжамдарға сүйенеді, - деді Бағдат Қоджахметов ОКҚ-да өткен брифингте.

Оның айтуынша, жаңа карантиндік шараларды енгізілу-енгізілмеуі әр адамның өзіне, атап айтқанда, санитарлық нормаларды сақтау-сақтамауына байланысты.

- Карантиндік шаралар күшейтіле ме немесе жұмсартыла ма, ол жағы тікелей біздің қоғамның өзін ұстауына, жалпы тәртібіне байланысты. Біз санитарлық дәрігерлердің талаптарын қатаң сақтауымыз керек. Ең алдымен, маска кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау маңызды. Жабық бөлмелерде санитарлық дәрігердің бұйрығымен рұқсат етілген мөлшерден артық адам жиналмау керек, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі.


#коронавирус #эпидемия #медицина #дәрігерлер #дайындық 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.08.2020
05.08.2020
10.06.2020
13.03.2020
06.03.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930