USD 510.84
EUR 579.7
RUB 6.39
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Пневмониядан тағы 3 адам көз жұмды

  • 06.қыркүйек.2020, 12:33,
  • 445

6 қыркүйектегі коронавирус инфекциясы мен COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 5 151 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 31 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 761  науқас жатыр. 2 390 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр.  

Жалпы науқастардың арасында 147 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланды. 24 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.   

Өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмониямен 423 науқас тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 83 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан 6 қыркүйегіне дейін: науқастар саны – 27 623, өлім жағдайлары - 313, барлығы 5957 адам сауығып шықты.



#пневмония #өлім #коронавирус #пандемия #эпидемия 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
03.09.2020
28.08.2020
21.08.2020
07.08.2020
07.04.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031