Елімізде жылына бір мың отбасына ғана жасанды ұрықтандыруға квота беріледі екен. Ал аймақтарда мыңдаған адам кезекте тұр. Енді президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұны жеңілдікті жеті есеге көбейтуге тапсырма берді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше 24 жылда мемлекеттік квота алған әйелдерден 22 мың сәби дүниеге келіпті. Бұл туралы 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасы хабарлады.