- Пандемия жалғасуда, инфекция жұқтырушылар саны күн сайын көбейіп келеді. Біз бірінші толқынның екінші шыңын бастан өткеріп жатырмыз. Анкара, Ыстамбұл, Измир, Бурса әлі де тәуекелдің ең жоғары деңгейіне жатады, - деді Қожа журналистерге.
Ол елдің жаңа провинцияларында - Газиантеп, Санлиурфа, Мардин, Эрзурумда инфекцияны жаңадан жұқтырушылар көптеп тіркеліп жатқанын айтты.
Министрдің мәліметтеріне сәйкес, сәрсенбіде Түркияда КВИ жұқтырудың 1 596 жаңа жағдайы тіркелді, бұл - 15 маусымнан бастап күн сайынғы ең үлкен өсім. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 273 301-ге жетті, пандемия басталғаннан бері тәулігіне 45 адам қайтыс болды, барлығы - 6 462.
Министр бір күн бұрын Түркияда КВИ анықталған адамдардың саны тәулігіне 1 572-ге артқанын, 47 науқас қайтыс болғанын, бұл олардың 15 мамырдан бергі тіркелген ең үлкен көлем екенін мәлімдеді.
Қазір коронавирусқа шалдыққандардың ең көбі - Анкарада, мұнда науқастар саны Ыстамбұлға қарағанда екі есе көп, - деді Қожа.
- Сондықтан біз Анкарада көбірек жұмыс істеп жатырмыз, әсіресе әлеуметтік қашықтыққа қатысты іс-қимылдар жасай бастадық. Белгілі бір жастан асқан адамдарға әртүрлі мекемелерге кіруге тыйым салынады. Бірақ әзірге күн тәртібінде коменданттық сағат сияқты шараларды қолға алу жоспары жоқ, - деді Денсаулық сақтау министрі.
Оның айтуынша, пандемия уыстан шығып кетті, ырық бермей жатыр деп айтуға әлі ерте, бірақ "кейбір провинцияларда жағдай қиын".
#түркия #анкара #пандемия #коронавирус