USD 447.4
EUR 477.55
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаевқа қаржы нарығындағы ахуалы туралы айтып берді

  • 04.қыркүйек.2020, 11:03,
  • 428

Сақтандыру нарығын жетілдіру жөніндегі заң жобасы бойынша халықтың зейнетақы және инвестициялық сақтандыру қорларының жұмысына араласуы артады, сол арқылы азаматтардың жинағы еселене түседі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаржы нарығының биылғы дамуы жөнінде есеп беріліп, қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету, экономиканы несиелеу ісін ынталандыруға қатысты реттеу шараларын жүзеге асыру және тұтыну несиелерінің шектен тыс артуына жол бермеу туралы Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде баяндалды.

Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында Агенттік Үкіметпен бірлесіп экономиканың зардап шеккен секторларына қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, "Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламасы бойынша шағын және орта бизнес өкілдерінің алған қарыздарына жылына 6 пайыздық мөлшерлемемен субсидия беріледі.

Агенттік басшысы Президентке сақтандыру және бағалы қағаздар нарықтарын жетілдіруге бағытталған заңнамалық бастамалардың дайындалып жатқанын айтты. Сақтандыру нарығын жетілдіру жөніндегі заң жобасы бойынша халықтың зейнетақы және инвестициялық сақтандыру қорларының жұмысына араласуы артады, сол арқылы азаматтардың жинағы еселене түседі. Сонымен қатар кәсіпкерлердің құнды қағаздар нарығында қор жинауына мүмкіндік беретін шаралар қабылданады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттіктің жұмысын оң бағалап, қаржы нарығын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.



#тоқаев #президент #мәдинаәбілқасымова #есеп #ақорда 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
03.09.2020
01.09.2020
21.11.2019
30.09.2019
03.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930