USD 469.52
EUR 553.75
RUB 6.15
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда кинотеатрлар қай жағдайда ашылады?

  • 04.қыркүйек.2020, 09:27,
  • 580

Алматы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин көрермендерді 30 пайыз сыйымдылықпен кинотеатрларға кіргізу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.

"Театрлар мен кинотеатрлар қазір онлайн-режимде жұмыс істеп жатыр. Енді біз әр театрға театр әкімшілігі қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ететіні туралы нұсқауларды қарастырып жатырмыз. Бұл қашықтық, маска мәселелеріне қатысты. Әрине, ғимараттарда адам саны шамадан тыс болмауы керек. Егер бұл шаралар сақталса, санитайзерлер, қашықтықтан істейтін термометрия орнатылса, бұл объектілер жұмыс істейді.

Қазір көрермендердің 30 пайызын кинозалға кіргізу мәселесі қарастырылып жатыр. Залдың конфигурациясына байланысты. Ол не шахмат түрінде, не қатарлар немесе көрші орындықтар арасында бір метр қашықтық болады. Осындай ұсыныстар түсіп жатыр. Әр зал өзінің нұсқасын ұсынады. Егер шаралар сақталса, онда 30 пайызға көрерменге жол беріледі", - деді Бекшин.



#кинотеатр #алматы #карантин #коронавирус 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930