Алина Жанзақова Алматыда коронавирус жұқтырған 48 адамның бірі. Қыздың айтуынша, ол бұл вирусты Грузиядан Беларусь арқылы ұшуға мәжбүр болғанда ұшақта жұқтырып алған болуы мүмкін.
Ол дәрігерлер хабарласады деп ойлағанын айтады. Алайда дәрігерлер хабарласқанша қызда вирустың алғашқы белгілері пайда бола бастаған.
"Бастапқыда тамағым жыбырлады, құрғақ жөтел болды, ішімде, өкпемде бірдеңе күйіп жатқандай болды. Дене қызуым көтерілген жоқ, қазір де дене қызуым қалыпты - 35,8. Еш өзгермейді. Содан түнгі екіде маған коронавирус анықталғанын хабарлады", - дейді Алина.
Екі күннен соң жөтел мен тамақтың ауырғаны қойды дейді ол. Қазіргі уақытта, Алинаның айтуынша, денсаулығы дұрысталды. Вирусқа қарсы дәрілер қабылдап жатыр. Енді Алина басқа біреулерді де жұқтырдым ба деп қауіптеніп отыр екен.
"Палатада екі адаммен жатым. Олар да вирус жұқтырды, себебі біз бес күн бір палатада жаттық. Ол қыздар ауруханада шығарылды, бірақ оларды қайта жатқызатын шығар. Кейін мені басқа бір палатаға ауыстырды. Ол жақта 3-4 адам жатты", - дейді Алина.