УЕФА Чемпиондар лигасының ақтық матчы Санкт-Петербургте өтеді. Бұл шешім Люблянадағы УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында қабылданды.
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Биыл Солтүстік Қазақстан облысына алыс және жақын шетелдерден үш мыңға жуық мал әкелінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-ші сессиясының алаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Президенті Ули Мауермен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өткен Тұрақты даму мәселелері жөніндегі жоғары деңгейлі Форумында Қазақстанның басты мемлекеттік саясаты туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматыдағы № 4 аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев қолхатпен бостандыққа шықты.
Алматылық № 4 қалалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев өз қызметін дұрыс атқармады деп айыпталуда. Бұндай айыпты таққан баласын жоғалтқан Алматы полиция департаменті басшысы Серік Күдебаев.
Арыстағы жарылыстан зардап шеккен әскери қызметкерлер Алматыдағы Әскери-клиникалық госпиальдің бейінді бөлімшесіне ауыстырылды.
Сақ патшаймы Томирис өмірін баяндайтын "Томирис" фильмін түсіруге 2 млрд 259 млн теңге қаражат жұмсалған.
"Атажұрт еріктілері" ұйымы Қытайдағы қысымға алынған этникалық қазақтардың құқықтарын қорғаумен келеді. 24 қыркүйекте Алматы қалалық әділет департаменті ұйымды ресми түрде тіркеді.
Қазақстандық QazSport және Qazaqstan телеарналары 5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді.