Әкімдік отырысында аумақтық ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы Марат Ибраев 33 шаруа қожалық мал әкелгенін айтты. Оның 30-ы ветеринарлық талаптарға сәйкес карантиннен өтсе, қалған 3-еуі карантинге алынды. «Жыл аяғында дейін 9 аудандағы 20 шаруа қожалық алыс және жақын шетелдің 7 елінен 3 мыңға жуық ірі қара мал әкелуді жоспарлап отыр. Ірі жобалардың бірі – «Зенченко мен К» командиттік серіктестігінің Германиядан 600 бас мал алып келуі. Келесі дүйсенбіде оларды карантинге қояды. «Заградовское» ЖШС Австриядан 407 мал басын, ал «Жолдасбай Агро» Ирландиядан 820 бас мал әкеледі. Біз Татарстанмен, Чехиямен, Словениямен және Австралиямен жұмыс істейміз», - дейді М.Ибраев. Ол көршілес Ресейдің бірқатар мал аурулары бойынша сәтсіз болған аймақтары туралы айтты. Оның айтуынша, Называеский ауданында ірі қара мал құтырма ауруымен ауырғанын, Омбы облысында жылқылар инфекциялық анемиямен, нодулярлы дерматит ауруларымен ауырғаны туралы мәлім етті. Сондай-ақ, ол Удмуртия Республикасы, Новосібір, Саратов облыстарында нодулярлы дерматит бойынша жағдай жақсы емес екенін тілге тиек етті. «Омбы және Түмен облыстары шекарасында біздің қызмет уақытша жоқтығын ескере отырып, М. Жұмабаев, Уәлиханов аудандары әкімдерінің шекара қызметімен жұмыс істеуге және өзара байланыста болуға ерекше назар аударуларын сұраймын», - дейді ол.
Қайнар көзі: https://www.inform.kz/