"Томирис" фильміне шамамен 3 млрд теңге жұмсалды. Нақтырақ айтқанда - 2 млрд 259 млн теңге", - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешев.
Туынды режиссері Ақан Сатаев түсірілім барысы жайлы баяндады.
"93 күн түсірілді. Жалпы жобаны шығару кезеңі екі жарым жылға созылды. Кей күндері түсірілім алаңында бір уақытта 800 адамға жуық кісі болды. Шығармашылық топтың құрамында ең көп дегенде 400 адам болдық. Төрт үлкен локациямыз - Шүнжа, Қапшағай және Алматы, Көкшетау. Біз ең басында мүмкін, Вавилон, Кир патшасы бар кино бөліктерін Мароккода түсіреміз деп ойлағанбыз. Бірақ, біздің суретшілеріміз барып, ол жақтың декорацияларын көріп келгеннен кейін кішкене қаражат жағын үнемдеу туралы шешім қабылданды", - деді фильм режиссері Ақан Сатаев.
Тарихи туынды 27 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеартларынан көрсетіледі.