USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ҚР Президенті: Швейцария - Қазақстан үшін инвестиция көлемі бойынша Еуропадағы негізгі әріптес i

  • 25.қыркүйек.2019, 16:09,
  • 503

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-ші сессиясының алаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Президенті Ули Мауермен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.



Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібіндегі кең ауқымды өзекті мәселелерді талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Швейцария арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті. – Швейцария – Қазақстан үшін екіжақты сауда және инвестиция көлемі бойынша Еуропадағы негізгі әріптес. Біздің елдеріміз банк, құрылыс және аграрлық салалардағы жобаларды белсенді дамытып келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті швейцариялық әріптесінің назарын қаржылық қызметтер, машина жасау, химия және фармацевтика, ауыл шаруашылығы, азық-түлік, туризм салаларында бірлесіп атқарар бірқатар перспективалық жобалардың бар екеніне аударды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ули Мауераны биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.


Қайнар көзі: https://www.inform.kz/



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.10.2019
25.09.2019
09.10.2019
30.07.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930