Қазақстандық AVANGAR құрамасы Counter Strike: Global Offensive StarLadder Berlin Major турнир финалынан жүлдесіз оралды.
Шымкентте тапа-тал түсте оқушылар атысты. Мектептер арасындағы төбелес күндізгі сағат бір жарым шамасында қаланың ортасында болған. Куәгерлердің айтуынша, оқушылар әуелі таспен атысып, артынша бір-біріне дәлдеп, бірнеше мәрте оқ та атқан.
Елордалық оқушылар көлік картасымен жолмен қоса асханадағы тамағын төлеп, турникеттен өте алады. Бұл туралы Қалалық және жедел әрекет ету орталығы хабарлады.
Синоптиктер Алматыдағы дауыл жайлы ескерту жариялады.
ҚР Ұлттық банкі Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласына көшіріледі. 2021 жылы болатын көшу туралы банк басшысы Ерболат Досаев мәлімдеді.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бұрыңғы төрағасы Жармахан Тұяқбай партия басшылығының ауысуын "лас және ашық төңкеріс" деп атады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені жылдық 9,25 пайызға дейін көтеру туралы шешім қабылдады.
Лондон-2012 Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Ниццедағы Ironman әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.
Байқоңыр ғарыш айлағында салынып жатқан "Союз-6" және "Союз-5" орта және жартылай ауыр класстағы зымыран-тасығыштарын ұшыратын зымыран-ғарыш кешені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталады. Бұны Ресей президенті Владимир Путиннің ұсынды.
Ресейлік аралас жекпе-жектің спортшысы Хабиб Нурмагомедов Абу-Дабиде UFC 242 турнирінде әлем чемпионы атағы үшін титулдық кездесуде америкалық Дастин Порьені жеңді.