Қазақстанның білім және ғылым министрлігі оқу ақысын 20 пайызға көтеріңдер деген тапсырма берді деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Бұл туралы БҒМ министрінің БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан айтты.
Түркістан облысында әскери бөлімге жақын маңда өрт шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл ұсынысын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші жалпы отырысында жария етті. Қазақстанға қаржысын салған жатжұрттық инвесторлардың құрылтайын алғаш рет Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізді.
Астана күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жекпе-жек сарайының ашылу салтанатына қатысты.
5 шілдеде күндізгі сағат 14:30 шамасында Арыс қаласында тағы жарылыс болған. Түркістан облыстық төтенше жағдай департаменті әскери қоймада "қалып қалған 1-2 снарядтың жарылғанын" хабарлады.
Арыстағы жарылыстан зардап шеккен тұрғын үйлердің 271-не қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматыдағы бокс кешінде қарсыласын небәрі 14 секундта нокаутқа жіберді.
Астана күні "рұқсат етпеген митинг өткізгені үшін" ұсталған кейбір азаматтар 10-15 тәулікке қамалса, кейбіріне сот айыппұл салды. Ішкі істер министрлігі ұсталғандар жайлы мәлімет әзірлеп жатқанын хабарлады.
Ауғанстандағы жарылыстан 12 адам қаза тауып, 43 адам жараланды. Бұл туралы Pajhwok агенттігі өзінің Twitter парақшасында мәлім етті.
7 шілде күні елорданың "Қазақ елі" монументі алаңында елдің мыңға жуық домбырашылары өнер көрсетті. Шара шілденің алғашқы жексенбісінде тойланатын Ұлттық Домбыра күніне арнап ұйымдастырылды.