"Балбырауын", "Адай", "Сарыарқа", "Әлқисса" сынды халықтың сүйікті күйлері музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалды.
"Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз бола беруі тиіс. Домбыра бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін теңдесі жоқ мәдени мұра. Мектепте домбыра үйрену сабағын енгізу қажет", - деді Мемлекет басшысы өзінің құттықтау сөзінде.
Қазақ композиторы, күйші, домбырашы Секен Тұрысбеков Ұлттық Домбыра күнін 1 күннің аясында емес, әрбір өңірде жеке-жеке өткізсе жөн болар еді деген ойын білдіреді. "Жалпы, Ұлттық Домбыра күні деп шілденің алғашқы демалысын емес бір күнді нақтылап белгілеу қажет сияқты. Бұған қоса, мынадай ыстық күнге емес, қоңыр-салқын көктем не күз айларында өткізсе деген өтінішіміз бар", - деді танымал күйші.