«Бастапқы, орта не жоғарғы болсын, отандық білім берудің барлық кемшіліктерін біз жақсы білеміз.Сондықтан қол жеткен нәтижелерге марқаймаймыз. Білім беру реформасы әлі алда», – деді Қ.Тоқаев.
Ол сапаның біраз жақсарғанына қарамастан, жұмыс берушілердің 70%-ы колледждер түлектерінің біліктілігі деңгейіне қанағаттанбайтынын бетке басты.
«Демек сапа сол бұрынғыдай нашар деген сөз. Уақыт жаңа талаптар қоюда. Сол себепті алдағы 3 жылда 180 жаңа колледж бен 20 озық ЖОО құрылады. Біз бұған республикалық бюджеттен тек бірінші кезеңде ғана 58 млрд теңге бөлудеміз. Ең бастысы – білім беру бағдарламалары айтарлықтай жаңартылып жаңғыртуы керек, оған шетелдік серіктестерімізді тартамыз», – деді Қазақстан Президенті.
Ол Үкіметке шетелдік инвесторлармен бірлесіп, білім саласындағы ынтымақтастық бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.