USD 444.32
EUR 473.33
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ҚР ЖОО оқу ақысы жоғарыламайды - БҒМ

  • 08.июля.2019, 20:30,
  • 800

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі оқу ақысын 20 пайызға көтеріңдер деген тапсырма берді деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Бұл туралы БҒМ министрінің БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан айтты.

"Құрметті білім саласына бейжай қарамайтын азаматтар. Соңғы күндері әлеуметтік желіде білім саласына қатысты бірнеше FAKE NEWS (жалған ақпарат) таралып жатыр. Тіпті қисынға келмейді. Кейбір азаматтардың пікірінше, ҚР Білім және ғылым министрлігі оқу ақысын 20 пайызға көтеріңдер деген тапсырма беріпті. Ашығын айтайын, бұл ойдан шығарылған өтірік ақпарат. Министрліктің ондай жоспары жоқ. Негізсіз және фактісіз ақпараттардан абай болуларыңызды сұраймын", - деп жазды ол Facebook желісінде.

Алайда ол мемлекетте 131 ЖОО бар екенін, соның көбі жекеменшік болғандықтан нарықтың ыңғайына қарай жұмыс істейтінін атап өтті.

"Көптеген ЖОО-дары оқу ақысын өзгеріссіз қалдырды. Мысалы, Сәтбаев университеті, ПМУ, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, ЕТУ, Шәкәрім атындағы СМУ, Алматы энергетика және байланыс университеті, Тұран-Астана, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ, Қарағанды экономикалық университеті, Әуезов атындағы ОҚМУ, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Х.Досмұхамедов атындағы АМУ, Қ.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті - IITU, Семей қалалық медицина университеті, ҚазҰАУ және т.б", - дейді ол.

скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз
Тағы да оқыңыздар:
04.07.2019
25.06.2019
20.06.2019
14.06.2019
30.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930