"6 шілдеде 21:02-де өртке қарсы қызметтің кезекші бөліміне Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сарыағаш ауылынан 120 шақырым жерде, №2020 әскери бөлімге жақын маңда қураған шөп өртенгені хабарланған", – делінген хабарламада.
Өрт 22:35-те ауыздықталып, 22:57-де толықтай сөндірілген.
"Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт аумағы – 3 гектар жер. Өрт сөндіруге Түркістан облыстық ТЖД жеке құрамының 22 маманы мен 4 арнайы техника жұмылдырылған", – деп түйіндеді ведомство өкілдері.