USD 482.33
EUR 557.57
RUB 5.74
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Сұлтан Бейбарысқа қатысты жәдігер табылды

  • 06.қараша.2021, 14:25,
  • 250

Мысырда Сұлтан Бейбарыс медресесі қақпасының еш жерде жарияланбаған суреті табылды.

Бұл туралы Қазақстанның Мысырдағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф Facebook-тегі парақшасында жазды.


"Мысырлық мәмлүктанушылар бұрын-соңды әлеуметтік желілерде жарияланбаған аз-Захария медресесі қақпасының суретін тауып берді. Осы үшін Имад Осман Махран бастаған мәмлүктанушыларға және Мысырдың Көне ескерткіштер мен туризм министрлігінің қызметкерлеріне шексіз алғысымды айтамын. 1262 жылы Айн Жалұт шайқасынан жеңіспен оралған Сұлтан Бейбарыс Каирде теңдесі жоқ жаңа үлгідегі медресе салып, оның бас қақпасын Каирдің қол өнер шеберлеріне жасатады. Қақпаның маңдайшасында "Моңғол-татар басқыншылары мен кресшілерге Мысыр жерін бастырмаған әл-Мәлик аз-Заһир Рүкн ад-Дин Бейбарыс"", - деп жазылған.


Машалла! Көне Каир шаһарының төрінде осындай әшекейлі Жеңіс қақпасын орнатқан Сұлтан Бейбарыстың сәулет өнеріндегі талғамы зор болғанын айғақтайды, делінген сүйінші жазбада.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Наурыз 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031