Тарихи ескерткіштер басқармасының айтуынша, 425 алтын монетаны 18 тамызда Израильдің орталық бөлігіндегі қазба жұмыстарына қатысып жатқан жасөспірімдер тауып алған. Қазына жаңа аудандағы құрылыс аумағынан табылған.
Қазба жұмыстарының жетекшісі Лиат Надав-Зивтің айтуынша, 1100 жыл бұрын көне монетаны тыққан адам оны алып кету үшін ораламын деп ойлап, тиындар қозғалмас үшін ыдысты шегемен бекітіп кеткен. Оған қазынасын әкетуге не кедергі болғаны бізге белгісіз.
Хабарламада монеталар табылған аумақта шеберханалар болғаны айтылған.
Тарихи ескерткіштер басқармасының монеталар бойынша сарапшысы Роберт Кулдің айтуынша, табылған 24 караттық тиындар 9 ғасырда Бағдад халифатын Аббасидтер династиясы басқарған кезге жатады.
Бұл монеталарға адам сол кездегі Египеттің ең бай астанасы – Фустаттың ең әдемі ауданынан үлкен сарай сатып алатын еді.
#Израиль #тарих #жәдігер #монета #ескерткіш