USD 519.57
EUR 612.78
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Ұлық Ұлыс - Алтын Орда" халықаралық конференцияға Тоқаев сөз арнады

  • 28.қазан.2021, 13:36,
  • 321

Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұлық Ұлыс – Алтын Орда" атты халықаралық конференцияның ашылуында қатысушыларға сөз арнады.

Бұл алқалы жиын Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі белесіне орай өткізілуде. Президент Алтын Орданың тарихы қазіргі Қазақ мемлекеттігінің жылнамасымен тығыз байланысты деді:


– Әйгілі Жошы хан кесенесі мен Сарайшық қаласының Қазақстан аумағында орналасуы және шетел мұрағаттарынан көптеген жазба деректердің табылуы – осының айқын дәлелі.


Шын мәнінде, Алтын Орданың тарихы әлі де терең зерттеуді қажет етеді. Түрлі себептерге байланысты төл шежіреміздің осы бірнеше ғасырлық кезеңі назардан тыс қалды. Еліміз егемендігін алғаннан кейін ғана бұл олқылықтың орнын толтыруға жол ашылды.


Елбасының бастамасымен қолға алынған ауқымды бағдарламалар жұртымыздың тарихи санасын жаңғыртуға зор үлес қосты.


Сан мың жылдық шежіреміздегі сабақтастық жалғасын тауып, ұлттық рухымыз биіктей түсті.


Біз Алтын Орда дәуірінен жеткен құнды жәдігерлерді дүниежүзіне танытып, оны туризм саласын дамыту үшін тиімді пайдалануымыз керек. Жайық жағасындағы және Ұлытау баурайындағы көне ескерткіштер мен заманауи кешендер бұған толық мүмкіндік береді.


Тарихын түгендеп, одан тағылым ала білген елдің тамыры берік болады. Алтын Орда көптеген бауырлас елдердің тағдырында да айрықша із қалдырған. Сондықтан, халықаралық ғылыми қауымдастықтың алдында ортақ шежіремізді бірлесе зерттеу міндеті тұр. Бүгінгі басқосуда ғалымдарымыз тың деректер мен салмақты ой-пікірлерін ортаға салады деп сенемін. Конференция жұмысына табыс тілеймін, – делінген құттықтау сөзде.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
24.10.2021
20.09.2021
28.05.2021
23.03.2021
25.12.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031