USD 518.57
EUR 566.59
RUB 6.05
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Көне заттар мұражайға тапсырылды

  • 27.қыркүйек.2020, 09:55,
  • 1 431

«Темір адам» мұражайға үйіндегі көне заттарды тапсырды.

Жеңісбек Қадырұлының ата-бабасынан заттардың ішінде: түйенің мұрындығы, жіп иіретін ұршық, шымылдық, желбіреуік, төсектің аяқтары, бала бесігінің аяқ бау, қолбаулар бар.

– Көзімді ашқалы осы заттарды көріп өстім. Музейге тапсырған жәдігерлердің ішінде кебеже деген сандық іспетті зат бар. Ата-бабаларымыз ішіне асыл немесе сынатын бұйымдарды салып, алып жүрген. Екі жағында қайыспен баулар орнатылған. Яғни бір емес, екі адам көтеретіндей етіп жасалған. Бетінде тақтайшалардан жасалған қақпағы бар. Онда қазақтың оюымен өрнектелген, – дейді ол.

Оның айтуынша, түйенің мұрындығы және анасының жіп иіретін ұршығы да берілді. «Және кестемен оюлап, кестелеген шымылдық, желбіреуік, төсектің аяқтары, бала бесігінің аяқ бау, қолбаулары сияқты анамның істеген бұйымдары сақтау қорына қойылды. Көне заттарды бөтен қолда кетпесін, болашақта ұрпақтарымыз көргісі келсе, музейден табуына болады» деген Жеңісбек Қадырұлы заттар мұражайдың сақтау қорына тапсырылғанын жеткізді.



#көне #мұражай #темірадам

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
15.09.2020
05.09.2020
05.09.2020
28.08.2020
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930