USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақмола облысында тарихи жәдігер табылды

  • 13.июля.2021, 17:44,
  • 286

Ақмола облысының Жарқайың ауданында ежелгі жауынгерлік балта табылды. Археологтар оны қола дәуіріне тиесілі Андронов мәдениетінің жәдігері деп болжап отыр. 

4 мың жылдық тарихы бар құралды Тассуат ауылдық орта мектебінің тарих пәні мұғалімі елді мекен маңынан тауып, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына өткізген. Қазір құнды бұйым табылған аумақ жан-жақты зерттеліп жатыр. Ал жауынгерлік балтаның өзі алдын ала болжам бойынша мыс пен қалайының қосындысынан жасалған.


Бірақ құрамындағы металдар бұдан да көп болуы мүмкін. Салмағы 900 грамм. Археологтардың айтуынша, мұндай жәдігер аймақтан бұрын-соңды кездескен емес. Ал дәл осындай балталар еліміздің Ұлттық музейі мен Ресейдің Челябинск қаласындағы мұражайларда ғана бар екен. Енді жәдігерге кешенді сараптама жасалады.


Қуаныш Шақшақов, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры:


- Бұл енді жауынгерлік балта болғандықтан бұған ең бастысы ДНК анализін өткізу. Яғни бұл жерде ДНК анализі дегеніміз, мына жерде сақталған қан образецтері бар. Сол қан образецтерін алып, бұл қан кімге тиесілі? Адамға ма, жануарға ма. Және сонымен қоса радиокарбонды, радиоуглеродты анализді өткізу керек.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
01.07.2021
05.09.2020
05.09.2020
24.08.2020
28.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031