USD 489.39
EUR 567.5
RUB 6.69
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжамын айтты

  • 20.сәуір.2021, 11:56,
  • 250

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакцинациялауды ескергендегі, коронавирустың таралуы бойынша оптимистік және шынайы болжамдардын айтты. 

Денсаулық сақтау министрі халықты вакцинациялауды ескеріп, коронавирус инфекциясының таралуы бойынша болжам қалай болатынын айтты.

"Оптимистік сценарий бойынша вакцинацияны жалғастыру кезінде кестеге сәйкес тәулігіне үш мыңға дейін коронавирус жұқтыру дерегі және сәуірдің соңында шыңы тіркеледі деп күтіледі.

Нақты сценарий мен кестеге сәйкес вакцинациямен қамту кезінде мамырдың ортасында тәулігіне төрт мың жағдайға жетуі мүмкін", - деді Цой Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, бірінші кезеңде вакцинациядан болатын әсер иммунитетті қалыптастыруға қажетті уақытпен шектеледі. Кейіннен вакцинацияның әсері күшейіп, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына әсер етеді.

20 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 733 980 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның алғашқы дозасын қанша адам алғаны белгісіз.



#Цой #коронавирус #пандемия #болжам #екпе #вакцинация #карантин 

скачать dle 12.0
Фото авторы : halqym.kz
Тағы да оқыңыздар:
14.04.2021
07.04.2021
19.01.2021
09.12.2020
20.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930