USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Цой коронавирусқа қарсы вакцина салдырмады. Неге?

  • 07.сәуір.2021, 19:36,
  • 367

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина өндірісі туралы айтты. 

"Ғылыми-зерттеу институты биологиялық қауіпсіздік мәселелері базасында алғашқы серияны шығарды. Клиникалық зерттеу нәтижелері бойынша техникалық есептердің дайын болуын күтеміз. Олар сәуірдің соңына дейін дайын болуы керек. Вакцинацияға дайындалып жатырмын және сіздермен бірге қазақстандық вакцинаны салдыруға дайынмын", - деді Цой ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, өнеркәсіптік ауқымда қазақстандық вакцинаны өндіру алдағы айларда басталмайды.

"Қазір өндірісті іске қосу кестелері пысықталып жатыр. Жақында технологиялық желіні тапсыруы қажет. Барлық үдеріс жүргізіліп, өндіріс GMP стандарттарына жеткенде зауыт іске қосылады. Бірақ бұл жыл соңына жоспарланған", - деді министр.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 50 мың доза QazVac коронавирусына қарсы қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы сәуірде Қазақстан өңірлеріне жеткізілетінін мәлімдеген еді.



#Цой #министр #вакцина #екпе #коронавирус #карантин 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031