USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Бекшин алматылықтарға үндеу жасады

  • 09.желтоқсан.2020, 18:08,
  • 409

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа байланысты алматылықтарға үндеу жасады. 

Ол қалада COVID-19 вирусына байланысты жағдай күрделене түскенін атап өтті.

"9 желтоқсандағы дерек бойынша Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті. Бұл Қазақстан өңірлерінің эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасының "жасыл" және "сары" аймақ арасындағы шекарада болуымен байланысты.

Жыл басынан бері қалада коронавирус инфекциясын жұқтырудың 16 667 дерегі, тамыздан бері COVID-19 белгілері бар пневмонияның 1 205 дерегі тіркелді", - дейді Бекшин.

Еске салайық, Алматыда жаңа шектеулер енгізілді. Себебі қала коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймаққа оралды.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 8 желтоқсандағы жағдайға сәйкес, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта. "Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Ақмола облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы. Қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан.


#коронавирус #бекшин #алматы #карантин #пневмония 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930