USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тәулігіне 6-9 мың адамға дейін коронавирусқа шалдығуы мүмкін

  • 19.қантар.2021, 11:35,
  • 277

Цой наурызда вирус жұқтыру дерегі көбеюі мүмкін екенін болжады. 

"Денсаулық сақтау министрлігінің болжам жасау тобы қазіргі шектеу шараларын, оның ішінде маска тағу, қашықтық сақтау және алдағы вакцинациялауды ескере отырып, 2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады. Жаппай жұқтырудың көп болатын уақыты осы жылдың наурыз айының соңында тіркелуі мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мыңға дейін адам КВИ жұқтыруы мүмкін. Ауруханаларда 24 мыңға дейін төсек орын толуы ықтимал. Дегенмен мұндай сценарийде карантинді қатаңдату жоспарланып отырған жоқ", - деді Цой Үкімет отырысында.

Министр пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 6-9 мың қазақстандық коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін атап өтті.

"Реалистік және пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 6-9 мыңға дейін КВИ жағдайы тіркелуі мүмкін. Ал 45 мыңға дейін төсек орын бос болмауы ықтимал. Яғни коронавирус жұқтырғандарға әзірленген 52 мың төсек орын көрсеткішінен асып тұрған жоқ. Бірақ денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесін ауырлатпау және сапалы медициналық қызмет көрсету үшін карантин шараларын қатаңдатуға әкеп соғады", - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін министр Үкімет отырысында жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа вакцина салынатынын айтқан болатын.



#екпе #вакцина #карантин #коронавирус 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930