USD 541.01
EUR 640.34
RUB 6.52
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстан Түркиямен арадағы рейстер санын қысқартуы мүмкін

  • 14.сәуір.2021, 18:52,
  • 281

МВК отырысында шетелдегі күрделі эпидемиялық жағдайға байланысты Түркиямен арадағы рейстер санын қысқарту туралы ұсыныс жасалды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова. 

Шынында да, Түркиядағы эпидемиологиялық жағдай өте күрделі. Күніне 50 мыңнан астам жағдай тіркеліп жатыр. Егер біз күнделікті көрсеткіштерді алсақ, бұл біздікінен 5,5 есе көп. Сондықтан, бүгін МВК отырысында Түркиямен арадағы рейстер санын қысқарту туралы ұсыныстар алға тартылды. Бүгін бұл ұсыныстар қарастырылуда, - деді Есмағамбетова.


Бұрын хабарланғандай, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының 2 229 жаңа жағдайы тіркелді.

Жалпы республикамыз бойынша 276 054 жағдай расталды, оның ішінде: Алматы қаласында - 42 899 (+612), Нұр-Сұлтан қаласында - 36 792 (+465), Шығыс Қазақстан облысында - 23 397 (+25) жағдай.

14 сәуірдегі жағдай бойынша 35 821 адам КВИ-дан ем-дом алуда (35 322: КВИ + және 499: КВИ-), оның 12 482-сі стационарда, ал 23 339 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.



#Қазақстан #Түркия #әуерейс #ұшақ #карантин #коронавирус #пандемия 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
12.04.2021
10.01.2021
09.12.2020
02.10.2020
04.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930