USD 486.44
EUR 534.31
RUB 5.06
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жер шетелдіктерге сатылмайды және жалға берілмейді

  • 25.ақпан.2021, 17:49,
  • 342

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң әзірлеуді тапсырды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Президент қазақстандық жер телімін шетелдіктерге сатуға салынған тыйымды заңдастыруды тапсырды.


"Ауылшаруашылық мақсаттағы жер телімін шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң қабылдауды тапсырамын. Бұл шетелдік акциясы бар заңды тұлғаларға да қатысты. Мұны Президенттің заңнамалық бастамашыл құзіретін пайдалана отырып, жедел түрде жүзеге асыру керек деп шештім. Президент әкімшілігі бұл мәселе бойынша тиісті заң жобасын әзірлеуі керек", - деді Тоқаев.


Сондай-ақ ол:

- бір ай ішінде жер реформасы бойынша комиссия құрып, оның жұмысын 25 наурызда бастауды;
- 2021 жылдың тамыз айының аяғында жер реформасының негізгі мәселелері бойынша кешенді келісім түзуді тапсырды.


Комиссия жұмысының әр кезеңі және онда ұсынылған әр шаралар туралы халықты үнемі хабардар етіп отыру керек. Негізгі міндеттердің бірі - комиссия жұмысының және шешім қабылдау кезеңін барынша ашық екенін көрсету. Біз қоғамның жерге қатысты барлық мәселелерін дұрыс және тиімді шеше аламыз деп сенемін, - деді Тоқаев.


Бұған дейін Тоқаев Қазақстанда жер ешқашан сатылмайтынын бірнеше рет мәлімдеген.


#жер #реформа #Тоқаев #комиссия #Ұлттыққоғамдықсенімкеңесі

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
25.02.2021
25.02.2021
07.10.2020
31.08.2020
06.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031