"Соңғы уақытта жер шетелдіктерге сатылып, шет мемлекеттің 55 ескі зауыты тасымалданып, оған мыңдаған шетелдік жұмысшы тартылады деген қауесет тарады. Біздің халық мұндайға сенбеуі керек. Мұндай қауесетті адамдардың патриоттық көңіл-күйлерін айла-шарпып, эмоционалды, эпатажды адамдарды өздерінің белгілі бір мақсаттарына қол жеткізу үшін қаскөйлер қолданады", - деді Мемлекет басшысы.
Ол мұндай манипуляция геосаясаттың бір бөлігі екенін, оның мақсаты халықтың бірлігін бұзу, Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыру екенін басып айтты.
"Біздің халық дана және өз ақылымен өмір сүре алады. Биліктің міндеті - қоғаммен диалог арқылы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру, оны біз көбіне нашар орындап жатамыз. Ақыл-ой мен ұсыныстарды ескеру, қабылдау. Мен тағы қайталап айтамын, біз жерді ешкімге бермейміз және әрдайым халықты тыңдап отырамыз", - деп сендірді Президент.