Мәжіліс төрағасының айтуынша, депутаттар дәріханаларға, ауруханаларға арнайы барып, дәрі-дәрмектердің қорын тексеріп, оның бағасын бақылады. Сондай-ақ депутаттар еріктілер орталықтарының жұмысына да белсенді атсалысуда.
Қазіргі уақытта Палатаның заңнамалық қоржынында 75 заң жобасы бар, оның 22-не депутаттар бастамашы болған. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, олардың қатарында 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы, пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық өсімді одан әрі қалпына келтіруге, азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға және т.б. салаларға бағытталған заң жобалары бар.
Мемлекет басшысы депутаттық корпус өз жұмысында Президент Жолдауы мен басқа да бастамаларды іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, оның ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға басымдық беруі керек екенін айтты.
#президент #тоқаев #мәжіліс #нығматулин #саясат