Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.
"Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтеді. Онлайн форматта өтетін жиында елімізді дамытудың өзекті мәселелері, бұған дейін жасалған ұсыныстардың орындалу барысы талқыланады деп жоспарлануда", делінген жазбада.
Сондай-ақ Twitter әлеуметтік желісіндегі @AkordaPress парақшасында жиыннан твит-трансляция жүргізілетіндігі ескертілді.