"Өңірлер әлеуетін арттыру үшін әлеуметтік және кәсіпкерлік корпорациялар құрылды, мұндай құрылымдар қазір барлық облыс пен республикалық маңызы бар қалада жұмыс істейді.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын толыққанды институтқа айналдыратын уақыт келді. Аймақтық корпорациялар жұмысы ашық және толығымен қоғам бақылауында болуы қажет. Дәрменсіз және мардымсыз активтер оның қарамағынан шығарылуы керек", - деді Мемлекет басшысы Ұлттық сенім кеңесі отырысында.
Оның айтуынша, корпорациялар қызметін үйлестіру үшін көп жұмыс қажет.
"Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігі құзыретін күшейтуіміз керек", - деді ол.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтіп жатыр. Оған Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр.
#тоқаев #президент #кәсіпкерлік #кеңес #сенім