Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсуін кемінде 5 пайыз етіп тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрылымдық өзгерістерді іске асыру қажеттігі туралы атап өтті.
"2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер санын біртіндеп қысқартуға бағытталған жұмыс жүргізіледі, ал босатылған қаражат неғұрлым пайдалы қызметкерлерді материалдық ынталандыруға жұмсалатын болады. 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің саны 25 пайызға қысқаратын болады", - деді қаржы министрі Әлихан Смайылов.