USD 518.66
EUR 597.44
RUB 6.56
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Досаев Тоқаевқа "7-20-25" бағдарламасы туралы баяндады

  • 21.қараша.2019, 11:00,
  • 533

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 10 ай ішіндегі ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері: төлем балансының алдын ала бағалануы, Ұлттық банктегі алтынвалюта қорының ахуалы мен Ұлттық қордың активтері, сондай-ақ, еліміздегі қаржы нарығының дамуы туралы мәлімет берілді.


Ерболат Досаев "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының, экономиканың басым бағыттарына жеңілдетілген несие беру ісінің іске асырылуы, екінші деңгейлі банктердегі активтердің сапасына тәуелсіз бағалаудың жүргізілуі жайында баяндады.


Сонымен қатар Мемлекет басшысының зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру және олардың бір бөлігін басқару үшін жеке компанияларға беру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.



скачать dle 12.0
Фото авторы : akorda.kz
Тағы да оқыңыздар:
30.10.2019
16.10.2019
30.09.2019
07.08.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930