USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мемлекеттік қызмет конкурсы өзгертілді

  • 28.июля.2020, 18:43,
  • 376

Қазақстанда мемлекеттік қызметке орналасу бойынша конкурс енді 2 кезеңмен өткізіледі.


Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына түзетулер енгізілді.


Енгізілген түзетулерге сәйкес, барлық мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында өтетін ішкі конкурс жалпы конкурспен біріктірілген. Өзгерістер 2020 жылдың 17 шілдесінен бастап күшіне енді.


Бұған дейін мемлекеттік органдар конкурстардың үш түрін жүйелі түрде өткізіп келді. Олар: мемлекеттік органның өз қызметкерлері арасындағы конкурс, барлық мемлекеттік қызметкерлер арасындағы конкурс және барлық азаматтар арасындағы жалпы конкурс. Өз кезегінде, бұл жаңашылдық мемлекеттік органдардың бос лауазымдарын уақыт созбай толтыруға ықпал етеді.


Бұдан бөлек, аталған жаңашылдық стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін кадрлық шешімдер қабылдауда мемлекеттік органдардың ұтқырлығын арттыруға септігін тигізеді.


Осының алдында конкурстардың үш түрін өткізу бос орындарды толтыру үшін көп уақытты талап ететін. Бос лауазымдарға орналасу конкурстарының барлық кезеңдерін өткізу үшін 50 жұмыс күніне дейін созылатын, ал қазіргі уақытта бұл рәсім 15 жұмыс күніне дейін қысқартылды.


Аталған тәсіл жүйенің мансаптық моделін бұзбайды, ал оған үлкен ұтқырлық береді және тұтастай алғанда, жеке сектордан талантты мамандарды тарту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің жалпы конкурстарға қатысу тәртібі жеңілдетілді.


Өткен жылдың қараша айында Заңға мемлекеттік қызметкерлерді жалпы конкурсқа қатысу кезінде тестілеуден өтуден босататын түзетулер енгізілді. Осылайша, мемлекеттік қызметшілер енді жалпы конкурстарға жалпы негізде емес, ішкі конкурсқа ұқсас жеңілдетілген тәртіп бойынша қатысады. Осыған байланысты, конкурс кезеңдерін қысқарту меритократия қағидаттарына теріс әсер етпейді.


#конкурс #мелмекеттікқызметкер #заң #меритократия #стратегия


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
04.07.2020
03.06.2020
05.01.2020
28.11.2019
22.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930