USD 510.59
EUR 578.91
RUB 6.37
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мәжіліс ауылдарды ғаламторға қосу туралы заң жобасын мақұлдады

  • 03.июня.2020, 14:00,
  • 470

Мәжіліс "ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ауылды елді мекендерде интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. 


"Осының бәрі әлбетте ауыл халқын заманға сай телекоммуникациялық және байланыс қызметімен қамтамасыз етуге жол ашады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін осы заң жобасы даярланып отыр. Заңды қабылдау нәтижесінде азаматтар электронды мемлекеттік қызметті алумен қатар, онлайн-оқу, цифрлық денсаулық сақтау қызметтерінің мүмкіндіктерін белсенді түрде қолдана алады. Ауылдардың арасы алшақ жатқанын білесіздер", - деді мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.


Заң жобасы Қазақстан Республикасының 2 кодексі мен 2 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Онда байланыс нысандарын салу кезінде жер учаскелерін ресімдеу бойынша рұқсат беру рәсімдерін оңайлатуға, байланыс операторларының барлығына телекоммуникациялық инфрақұрылымға тең қол жеткізу мүмкіндігін беруге бағытталған.

скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031