Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сонымен қатар, Президент "Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы өкілдерінің және бағалаушы топтар мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттеріне қатысты келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заңына және "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Кипр Республикасының Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.