USD 519.51
EUR 611.83
RUB 6.6
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі құрылды

  • 22.июля.2019, 13:00,
  • 713

Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Akorda.kz сайты мәлімдеді.



Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы


«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабына сәйкес қаулы етемін:


1. Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.


2. Мекеменің штат саны 33 бірлік мөлшерінде белгіленсін.


3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мекемеге қатысты уәкілетті орган болып айқындалсын.


4. Қазақстан Республикасының Президенті мекеме директорын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады деп белгіленсін.



скачать dle 12.0
Фото авторы : olympic.kz
Тағы да оқыңыздар:
22.07.2019
17.07.2019
04.07.2019
12.06.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031