USD 530.47
EUR 613.75
RUB 6.56
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елімізде жаңа бақылаушы орган құрылады

  • 04.июля.2020, 10:00,
  • 454

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа бақылаушы орган құруды реттейтін заңға қол қойды.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Осы Заң мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарын ұйымдастырудың, қызметінің және өкілеттіктерінің бірыңғай қағидаттарын белгілеуге бағытталған.

Бұған дейін жобаны әзірлеушілердің бірі мәжілісмен Омархан Өксікбаев әлемдегі бірқатар ірі дағдарыстармен ұштасқан аудитор мамандығына деген сенімсіздік  экономика үшін өте жағымсыз салдар әкелетінін, сондықтан аудит сапасын бақылау рөлі арта түсетінін мәлімдеген болатын.

Жаңа заң бойынша, кәсіподақ кеңесі басқармасының құрамына Қаржы министрлігінің, АХҚО, KASE, кәсіби аудиторлық ұйымдардың өкілдері кіреді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
03.06.2020
29.04.2020
05.01.2020
28.11.2019
30.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930