USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

65 жастан асқан депутаттар Мәжілістің отырысына қатыспайды

  • 26.наурыз.2020, 17:30,
  • 445

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы жаңа форматта өтеді.


"Бүгінгі жалпы отырыс біршама өзгерген форматта өтіп жатыр. Біздің кейбір әріптестеріміз қатысып отырған жоқ, алайда алаңдаудың реті жоқ, олардың барлығы аман-есен. Атап айтқанда, кейбір әріптестеріміздің жасы 65-тен асқан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауына сәйкес, оларға жалпы отырысқа қатыспау туралы кеңес бердік", - деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Осы орайда ол жиналған депутаттардың саны жалпы отырысты мұндай форматта өткізуге мүмкіндік беретінін жеткізді.

"Енді жалпы отырыстарға әрбір заң жобасы бойынша тек депутаттар мен негізгі баяндамашылар қатысады. Бұл өз кезегінде залда отырғандарды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының санитарлық нормаларына сай орналастыруға мүмкіндік берді", - деді Нұрлан Нығматулин.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930