USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанда соғыс жағдайында президент өкілеттілігі кеңейтіледі

  • 15.қантар.2020, 14:00,
  • 468

Парламент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. 

Заң жобасы Еңбек кодексіне, "Қорғаныс және Қарулы Күштер туралы", "Жұмылдыру дайындығы туралы", "Соғыс жағдайы туралы" үш заңға түзету енгізуді көздейді.


"Онда президент өкілеттігін толықтыру ұсынылып отыр. Ол бейбіт уақытта іске асырылады. Бұл соғыс жағдайы саласын қолдану тәртібін айқындау, Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшылығы Ставкасы туралы, Қорғаныс кеңестері туралы, соғыс жағдайы кезеңінде Үкімет қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекіту болып отыр. Сонымен қатар, соғыс жағдайы кезеңінде жергілікті атқарушы органның өкілеттігін көздеу, оларға "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаныс кеңесін" құруға өкілеттік беру ұсынылады. Бұл ретте қорғаныс кеңестері әскери басқару органы ретінде соғыс жағдайы саласының орындалуын қамтамасыз етеді. Олар тек соғыс кезеңіне құрылады. Сондықтан Қарулы Күштер құрылымына кірмейді", - деді ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Бектанов.

скачать dle 12.0
Фото авторы : akorda.kz
Тағы да оқыңыздар:
15.01.2020
12.12.2019
29.10.2019
07.08.2019
10.07.2019
Арыс: Мен жауапкершіліктен қашпадым - Қорғаныс министрі

Арыстағы оқиға үшін кешірім сұрауды қажетсіз санаған Қорғаныс министрі сөз сөйледі. Нұрлан Ермекбаев Арыста болған төтенше жағдайға байланысты өзінен жауапкершілікті алып тастамайтынын айтты. 

ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930