USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Үкімет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысты

  • 20.июня.2019, 18:00,
  • 645

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысты, онда Үкіметтің 2018 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебі қабылданды.

2018 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы баяндай отырып, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов 2018 жылдың бюджеттік саясаты мемлекеттік қаржының тұрақтылығын нығайтуға және экономиканы одан әрі дамытуға бағытталғанын атап өтті.   


Бюджет қаражаттарын жұмсаудың басым бағыттары - экономиканың нақты секторын қолдау, жұмыс орындарын сақтау және әлеуметтік саланы дамыту болды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша экономика өсімі 4,1 пайыз құрады. Бюджетке 8,8 триллион теңге түсім түсті. Шығыстар бойынша орындалудың жоғары пайызы қамтамасыз етілді - 99,8 пайыз.


"Бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы сақталды. Аталған мақсаттарға барлық шығындардың жартысына жуығы пайдаланылды, яғни бұл - 4,3 триллион теңге. Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға 2,6 триллион теңге бөлінді. Бюджеттен 3 миллион 530 мың адамға зейнетақы мен жәрдемақылар төленді", - деді Әлихан Смайылов.   


Отырыс барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты С. Плотников, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ. Жабағиев мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, республикалық бюджетті атқару, сондай-ақ, отандық автоөнеркәсіпті дамыту мәселелерін қозғады. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин бюджетті жоспарлаудың тиімділігін одан әрі арттыру және толықтай игеруді қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың соңына дейін енгізілетін бірқатар реформа дайындалып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар ҚР Парламент Палаталарының бірлескен отырысында 2018 жылғы республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің есебі жарияланды.


Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова 2018 жылы республикалық бюджеттің орындалуы Үкіметтің Парламент пен Есеп комитетінің өткен жылғы ұсыныстарын ескерумен бюджет процесінде жүргізген ауқымды өзгерістерінің аясында өткенін айтты.


"Өткен жылғы қарастыру қорытындысы бойынша Есеп комитетінің Үкімет пен мемлекеттік органдарға берген ұсыныстар қатарынан 72 пайызы іске асырылған және орындалу сатысында, бұл бюджеттің орындалуы бойынша жағдайды жақсартуға септігін тигізді. Бюджетке 2 есе аз түзетулер енгізілді, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 4 есеге дерлік төмендеді, оң динамика нығайды", - деді Наталья Годунова.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.06.2019
17.06.2019
31.05.2019
31.05.2019
28.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930