Салтанат Ұлттық Ұлан әскерінің мемлекеттік туын, ҚР конституциясын алып шығуымен басталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, соңынан кірген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты жиналған қауым қарсы алады. Ата заңды ұстай халық алдында ант беріп, мемлекеттік туды сүйген сәттен бастап Президенттік қызметіне кірісті.
"Қазақстанның әрбір азамат құқығын қорғау — менің басты міндетім. Саяси немесе басқа келіспеушіліктер себебінен ел бөлінісіне жол бермеймін. Мемлекет игілігіне бірге қызмет етеміз", — деп халық алдында сөйледі.