USD 540.84
EUR 634.46
RUB 6.43
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Cауда министрлігі қайта ұйымдастырылады

  • 04.июля.2019, 16:30,
  • 678

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі қайта ұйымдастырылмақ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің жарлығында.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы


Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:


Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, оған Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы ұйымдар арасында штат санын қайта бөлуді;


2) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз
Тағы да оқыңыздар:
25.06.2019
17.06.2019
17.06.2019
17.06.2019
12.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930