USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанда екі жаңа министрлік құрылды

  • 17.июня.2019, 14:00,
  • 612

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен жаңадан екі министрлік құрылды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.



Қазақстан  Республикасы  Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік  басқару жүйесін жаңғырту және  тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:


1) Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ішкі және сыртқы сауда саясатын қалыптастыру және іске асыру, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы; Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің экспортты ілгерілету саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып;


2) Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қоршаған ортаны қорғаудың, тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеудің мемлекеттік саясатын қалыптастыру және іске асыру, табиғи ресурстарды қорғау, оларды ұтымды пайдалануды бақылау және қадағалау саласындағы; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, орман шаруашылығы саласындағы; Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералдық-шикізат базасын молайту саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып құрылсын.



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
17.06.2019
17.06.2019
17.06.2019
12.06.2019
28.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930