USD 442.05
EUR 474.14
RUB 4.74
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Аида Балаеваның журналисттердің пандемиядағы жұмысы туралы пікірін білдірді

  • 16.қыркүйек.2021, 16:06,
  • 142

Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева ақпараттық кеңістік пен қазақстандық журналистердің жұмысы коронавируспен күресте ең маңызды құралға айналғанын атап өтті.

"Отандық БАҚ алдыңғы шептен орын тепті. Олар сарапшылардың айтқанын көпшілікке шұғыл жеткізіп, түрлі бейнероликтер мен арнайы бағдарламалар дайындады. Оларға карантиннің маңыздылығын түсіндіру қажет болды. Ақпараттың толықтай анық болмауы жағдайында бүкіл әлем сияқты әрекет етіп, біздің бұқаралық ақпарат құралдары да өздеріне жүктелген міндетті ойдағыдай атқарды деп ойлаймын", - деді Балаева XVII Еуразиялық медиа форумында.


Бүгінгі таңда Қазақстанда халықтың 60 пайызға жуығы вакцинацияланған. Оның айтуынша, бұл - тек мемлекеттік аппараттың ғана емес, БАҚ өкілдерінің де еңбегінің нәтижесі.


Сонымен қатар министр танымал блогерлер мен антиваксерлер тарататын фейктерге де тоқталды.


"2020 жылдың шілдесінде министрлік stopfake.kz арнайы интернет-ресурсын іске қосты. Сайттағы ақпараттың көпшілігі әлеуметтік желі қолданушылары таратқан жалған ақпаратты тікелей теріске шығару болып келеді. Сайт іске қосылғаннан бері 1500-ден астам фейк тексерілді, жоба контенті әртүрлі платформаларда 15 миллионнан астам рет қаралды. Бірақ, бұл арада шындық мынада: виртуалды әлемде кликбейтті, яғни лайық көп басылуы қажет, тартымды тақырыптар әлдеқайда маңызды, өз кезегінде бұл халықтың алаңдаушылығы мен көңіл-күйінің бұзылуын арттырады. Дәл осы фактор көптеген блогердің, конспирологтың және антиваксердің танымал болуын айқындайды. Олар тереңнен ой қозғайтын, мағыналы дүниелерді қаузамайды, алайда олар дәстүрлі ақпарат құралдарымен салыстырғанда әлдеқайда үлкен аудиторияға ие", - дейді министр.


Сондықтан, министрдің айтуынша, мемлекеттің бұл бағыттағы бірінші кезектегі міндеті - қазіргі жұмыс істеп жатқан журналистерді кәсіби даярлықтан қайта өткізу, оның ішінде виртуалды психология, журналистік этика және ғылыми мәліметтер қорымен жұмыс істеу жайы кеңінен қамтылуы тиіс.


"Бір сөзбен айтқанда, қазіргі журналистердің білімі заманауи және терең болуы керек. Тура осы нәрсе кәсіби журналистерді көлденең көк аттылардан ажырата алады", - дейді Аида Балаева.


Сондықтан, биыл министрлік еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен медицина, экология, дін, құқық және ІТ мәселелерін қамтитын салалық журналистерді дайындау үшін меморандумдарға қол қойды.


Айта кетсек, бұған дейін ҚР АҚДМ басшысы интернет желісіндегі кибербуллинг мәселесін қозғаған.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
16.09.2021
01.09.2021
15.06.2021
29.01.2021
01.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031